Қасбет жұмыстарының шебері Рахат Ахметов уақытша жұмысынан айрылған. Жұмыспен қамту бағдарламасы туралы естіген ол, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінді. Онда шеберге бірнеше ұсыныс берілді.
«Қазір мен қасбет жұмыстарының шеберімін, жұмыс қиын емес. Өте үлкен жауапкершілік. Мен фиброцементтік панель орнататын конструкцияны жинаймын. Бұл желдетілетін қасбеті болт арқылы берік бекітіледі. Бұл конструкция оңай жиналады, ұзақ уақытқа және берік орнатылады. Мұның бәрі адамдардың игілігі үшін жасалуда. Адам жұмысын жақсы көре білуі керек», – дейді Рахат Ахметов.
Құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Булановтың айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бойынша жұмысқа орналасуға келісім-шарт 15 мамырда жасалған. Содан бері олардың фирмасынан 110-ға жуық адам жұмыс тапты.
«Олар тас қалаушылар мен жұмысшылар. Біздің компания жаңа қызметкерлер қабылдауға дайын. Біз осы бағдарлама аясында жұмыс істеуге дайынбыз», – деп атап өтті Д.Буланов.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде елордада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2325 адам жұмысқа орналастырылды, 78 ұйыммен ниет хаттамасы жасалды. 72 жоба бойынша жұмыстар басталды. Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 72 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.