Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті.
«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде уайымдадық, әрине. Алайда барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты», дейді шаруа.
Жетісай ауданы бойынша 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны бүгін-ертең піскелі тұр.
Түркістан облысы