Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

«Жасыл ел» жасағының сарбаздары онлайн-тренингке қатысты

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қоры өкілдерінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарына арналған онлайн-семинары өтті.

«Жасыл ел» жасағының сарбаздары онлайн-тренингке қатысты

Шараны Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі депаратмент директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова ашып, жазғы маусымда студенттерді уақытша жұмыспен қамту тәртібі және сарбаздарға қойылатын талаптармен таныстырып өтті.

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының директоры Алма Ауғанбаева «Жасыл Ел» республикалық еңбек жасағы жобасы туралы толық ақпарат беріп, жазғы маусымда атқарылатын жұмыстың ауқымы және алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, аталмыш Қордың бас есепшісі Ирина Чубукова жасақ қатарына уақытша жұмысқа қабылданатын сарбаздарға жұмысқа қажетті нормативтік құжаттарды атап өтіп, еңбек ақы төлеу тәрбін түсіндірді.

Университетіміздің Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің инженері Асхат Бектасов сарбаздарға техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстану бойынша бірқатар нұқсаулар беріп, маусымдық жұмыс барысында қауіпсіздік тәртібін сақтауға шақырды.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, шара модераторы Ділдәбек Дидарбек онлайн-тренинг жұмысын қорытындылай келе, «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына сарбаздарды қабылдау жылдағыдай байқау негізінде жүргізілетіндігін және іріктеу барысында жұмысқа қабылданатын студенттің әлеуметтік жағдайы мен еңбекке бейімділігі ескерілетіндігін атап өтті.

Онлайн-тренинг барысында студенттер ұйымдастырушыларға жасақ жұмысына байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еңбек жасағы жұмысын тиім ұйымдастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.