Спорт • 26 Мамыр, 2020

Лионель Мессидің мерейі үстем

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Squawka порталы ХХІ ғасырда өткен УЕФА Чемпиондар лигасы финалында ең керемет ойын өрнегін көрсеткен футболшылардың есімдерін атады.  

Лионель Мессидің мерейі үстем

Теңдессіз теңбіл доп шеберлері көшін даңқты Лионель Месси бастап тұр. 2010/2011 жылғы маусымда өткен айтулы доданың ақтық сынында «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары шеберлік байқасты. Сол матчты тамашалау үшін Лондондағы әйгілі Уэмбли стадионына 87 695 көрермен жиналды. Бірінші таймда тең есеп тіркелді – 1:1. Бұл голдардың авторлары – Педро мен Руни. Үзілістен кейін Месси мен Вилья қақпаны дәл көздеп, каталониялық клубқа жеңіс сыйлады – 3:1. Сол кездесудің қорытындысы бойынша Лионель Месси ең үздік ойыншы деп танылған еді.

Ал Чемпиондар лигасының финалында асқан шеберлік танытқан ойыншылардың үздік ондығының толық тізімі мынадай:

 

  1. Лионель Месси («Барселона»). 2010/2011 жылғы маусымдағы «Манчестер Юнайтедке» (3:1) қарсы кездесу.
  2. Зинедин Зидан («Реал» Мадрид). 2001/2002 жылғы маусымдағы «Байерге» (2:1) қарсы кездесу.
  3. Хави («Барселона»). 2008/2009 жылғы маусымдағы «Манчестер Юнайтедке» (2:0) қарсы кездесу.
  4. Стивен Джеррард («Ливерпуль»). 2004/2005 жылғы маусымдағы «Миланға» (3:3, пен. 3:2) қарсы кездесу.
  5. Оливер Кан («Бавария»). 2000/2001 жылғы маусымдағы «Валенсияға» (1:1, пен. 5:4) қарсы кездесу.
  6. Дидье Дрогба («Челси»). 2011/2012 жылғы маусымдағы «Баварияға» (1:1, пен. 4:3) қарсы кездесу.
  7. Арьен Роббен («Бавария»). 2012/2013 жылғы маусымдағы «Боруссия Дортмундқа» (2:1) қарсы кездесу.
  8. Анхель Ди Мария («Реал» Мадрид). 2013/2014 жылғы маусымдағы «Атлетикоға» (4:1) қарсы кездесу.
  9. Гарет Бэйл («Реал» Мадрид). 2017/2018 жылғы маусымдағы «Ливерпульге» (3:1) қарсы кездесу.
  10. Диего Милито («Интер»). 2009/2010 жылғы маусымдағы «Баварияға» (2:0) қарсы кездесу.