Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Елордалықтарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілді? (видео)

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік көмек туралы айтып берді.

Елордалықтарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілді? (видео)

«Өздеріңізге белгілі Төтенше жағдай кезінде көптеген жұмыс орындары тоқтады. Яғни, біздің тұрғындар уақытша жұмыссыз қалды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қоғам болып осы сыннан өтіп келеміз. Президенттің тапсырмасына сәйкес уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қаражат берілді. 42500 теңге көлеміндегі алғашқы төлем 270 мың адамға берілді. Мамыр айында қосымша 130 мыңнан астам азаматқа берілді. Жалпы алғанда 20 млрд теңге осы мақсатқа бөлінді», - деді А. Көлгінов.

Қала әкімінің айтуынша, аз қамтылған отбасыларға тиістік әлеуметтік көмек көрсетілді.

«43 мың аз қамтылған отбасы 50 мың теңгеден көмек алды. Оған 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл – бюджеттен тыс қаражат. Сонымен қатар, 34 мың отбасыға азық-түлік көмегі берілді. Мемлекеттік әлеуметтік көмек 4,5 мың аз қамтылған отбасының балаларына берілді. Атаулы әлеуметтік көмекті 3,5 мың отбасы алды», - деді елорда әкімі.