Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Тұрғындар карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қарады - әкім

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қараған тұрғындарға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ризашылығын білдірді.

Тұрғындар карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қарады - әкім

«Азаматтарымызға ең қауіпті кезеңде оқшаулануды және төтенше жағдай режимінің ережелерін қатаң сақтағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Тұрғындар карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қарады. Бұл коронавирус инфекциясын таратпауға және медициналық мекемелер мен дәрігерлер жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Алайда, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін көшелер мен адам көп жиналатын орындарда жүргендер саны артты. Кезең-кезеңмен шағын және орта бизнес жұмысына рұқсат берілді, саябақтар мен гүлбақтары, сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқа да орындар ашылды. Барлығына алгоритм жасалып, бекітілді. Дегенмен вирустың таралу қаупі әлі де бар. Вирус қалды, ол ешқайда кеткен жоқ», – деді қала әкімі.