Қоғам • 26 Мамыр, 2020

Әділет министрі онлайн режимде халыққа есеп береді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әділет министрі онлайн режимде халыққа есеп береді

Іс-шара «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің интернет-ресурсында, Facebook-та, сондай-ақ Youtube арнасында көрсетілетін болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтетінін хабарлаған болатынбыз.