- Менің кімге болса да әлім жетеді. Тіптен, Сауль Альварестің өзін соққыға жығуға әзірмін. Осы күнге дейін мен ешкімге есе жіберген емеспін. Осы жайттың өзі көп нәрсені аңғартса керек. Ал Геннадий Головкинмен күш сынасуға аса құштарланып тұрған жоқпын. Себебі GGG-де чемпиондық белбеу жоқ. Ал Канелоның қазір даңқы дүркіреп тұр. Мені сол боксшы көбірек қызықтырады, - дейді Билли Джо Сондерс.
30 жастағы Билли Джо Сондерс 2009 жылдың ақпан айынан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 14 қарсыласын нокаутпен ұтты. Әр жылдары ол Крис Юбенк, Марио Лемье, Энди Ли, Косересо Марсело сынды саңлақтарға сан соқтырды.