Спорт • 26 Мамыр, 2020

Зинедин Зидан бапкерлер рейтингінде көш бастап тұр

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Squawka порталы УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең керемет бапкерлердің рейтингін жариялады.

Зинедин Зидан бапкерлер рейтингінде көш бастап тұр

Үздіктер көшін Зинедин Зидан бастап тұр. 47 жастағы Францияның маманы Мадридтің «Реал» клубын жаттықтырған жылдары айтулы клуб үш мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Осыған дейін бірде-бір бапкерге осындай бақ бұйырған емес.   

Ал «ТОП-10» үздік бапкердің толық тізімі мынадай:  

  1. Зинедин Зидан («Реал»)
    2. Хосеп Гвардиола («Барселона», «Бавария», «Манчестер Сити»)
    3. Карло Анчелотти («Парма», «Ювентус», «Милан», «Челси», «ПСЖ», «Реал», «Бавария», «Наполи»)
    4. Жозе Моуринью («Порту», «Челси», «Интер», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм»)
    5. Луи ван Гал («Аякс», «Барселона», «Бавария», «Манчестер Юнайтед»)
    6. Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед»)
    7. Юпп Хайнкес («Реал», «Бавария»)
    8. Висенте дель Боске («Реал»)
    9. Рафаэль Бенитес («Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Наполи», «Реал»)
    10. Оттмар Хитцфельд («Боруссия» Д, «Бавария»).
Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше