Батпандап ауру кіргеніне – әлемге әлек кіргеніне әуелгіде секемденіп қарасақ та, карантин шараларының кейінгі кезде қатаң сақталмауы әжептәуір алаңдата бастады. «Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман» немесе «Ауруды елемеген өлер, дауды елемеген төлер» деген халықпыз. Әйтсе де, қазіргі кеп – осы.

Соңғы деректер бойынша, еліміздің кейбір өңірлерінде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артып, 9 мыңға жуықтады. Әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, Атырау облысында аталған індет өрши түсті. Мемлекет тарапынан індеттің індете таралмауы үшін барлық шаралардың дер кезінде қолға алынуы біршама уақыт бойы бұл аурудың бетін қайтаруға септесті. Дегенмен, халықтың нәпақасыз қалмауы да ескеріліп, кейбір мекемелер мен ұйымдардың қызметін қайта бастауына мүмкіндік берілді. Бірақ мұның барлығы карантиндік талаптардың аясында екені ескерусіз қалғандай. Соңғы күндері елорданың өзінде санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 26 нысан жабылып, кейбірі кемшіліктерін түзеген соң жұмыстарын қайта жалғастырған.
Сондай-ақ Қарағанды өңірінің барлық кәсіпорыны күшейтілген санитарлық режімге көшірілсе, Түркістан облысы карантинді 8 маусымға дейін созды. Ал Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында бір жасар баланың аталған дертті жұқтырып алуы коронавирусқа қатысты енжарлық танытуға болмайтынын көрсетіп отыр.
Десек те азаматтарымыз сақтық шараларын ұмытқан сыңайлы. Көшеде қозғалыс көбейсе де, көпшілік бетпердесіз жүргенін аңдау қиын емес. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет» деп жазған болатын туиттердегі парақшасына.
Екі дүние арасын бір қадам қылған қатерлі індетті сан саққа жүгіртіп, бейқамдық танытуға болмайды. Бірақ ауырған кісіге бал да ащы болатынын ауырмаған адам қайдан білсін?! Басқа түскенде ғана баспақшыл болатын әдетіміз барын да жоққа шығармаймыз. Сынықтан өзгенің бәрі жұғатынын әсте ұмытпау қажет. Әйтпесе асқынған ауру насырға шабатынын ақ желеңді абзал жандар айтуындай-ақ айтып келеді. Дегенмен жаз келді, жазбен бірге таза ауаға тыныстауға шыққан тұрғындарда есеп жоқ. Еркіндік пен еренсіздік егеске түскенде, еренсіздік жеңіп шыққандай әсер қалдырады. Ал мұның соңы карантиннің қайта күшейтілуіне, оқшаулану жағдайының созылуына алып келуі де ықтимал.
Күнделікті науқастарды қабылдап жатқан инфекционист-дәрігер Гүлмира Қалмағанбетованың айтуынша, халық әлі де ара қашықтықты сақтауы міндетті.
– Қазір қалада да, далада да адамдар карантиннің әуелгі талаптарын сақтамай, босаңси бастағанын байқап жүрміз. Соның салдары болар, елімізде вирус жұқтырушылар қатары азаяр емес. Сондықтан мейлінше үйде болып, үй жағдайында оқшауланған дұрыс дер едім. Сонымен бірге бетперде режімін де бұзуға болмайды. Байқасаңыз, қазір көптеген азаматтар бетпердені қалтасына салып жүреді, не иегіне тағып алады. Бұл – дұрыс емес. Бетперде ең бірінші өзіңізді, отбасыңызды, ет жақындарыңызды қорғау үшін керек. Одан кейін өзіңіз өмір сүретін ортаның қауіпсіздігі үшін де өзекті екенін ескерген жөн. Сол себепті жеке гигиеналық тазалықты сақтап, үнемі қолды жуып, антисептик құралдарын қолдануға кеңес береміз, – дейді Гүлмира Сапарғалиқызы.
Ал қала ауласында шулаған бала-шаға мен оларды жақыннан бағып отырған ата-аналарға зер салсаңыз, бір бейғамдықты байқар едіңіз. Әлбетте бәрі бірдей емес. Бетпердесін шешпей, қолына медициналық қолғап киген жандардың бірі Айдана Елдосқызы қала көшелеріндегі көпшіліктің бетпердесіз жүруіне қарсылығын жасырмады.
«Заң, талап – баршаға ортақ. Біріміз бойұсынып, біріміз құлаққа ілмейтін болсақ, оның несі карантин?! Бұл мемлекеттің де карантинді сағыздай созуына алып келеді. Өйткені жалпы халықтың амандығына мемлекет жауап береді. Адамдар да өздерінің жауапкершілігін сезінуі, соған дағдылануы қажет деп ойлаймын» дейді ол.
Расында, «сынық арба көп көшер» дегендей, дені дімкәс қоғамда бұл дерттің бұйдасына ие бола алмау қаупі басым. Сондықтан күннің шыжғырған ыстығына қарамастан, бетперде киіп, өзіңіздің де, өзгенің де жайын ойлаған ләзім. Мамандардың да, азаматтардың да ортақ тілегі осы арада тоқайласады.
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар