Шартарапты шарлаған мына пандемия қоғамға үнсіздік әкелумен қатар жер бетіндегі барша адамдардың тіршілігін құбылтты. Таңның атысы, күннің батысы ары-бері сабылған қауым әдепкі әдетінен жаңылып, тек үйлерінде болды. Ешкім ешқайда асыққан жоқ (һәм кешіккен жоқ): бұрынғы тынымсыз өмір саябырсыды. Бұл карантиннің заты жаман болса да рухани өмірімізге бір пайдасы тиді десек, артық айтпаспыз, сірә. Кітап оқығысы келіп, бірақ әттеген-ай, күнделікті тұрмыстан қолы бір босамай, былайша айтқанда, жұмыстан мойны жар бермей жүрген оқырман үшін бұл бір рахат уақыт болды. Оқимын десе де, жазамын десе де өз еркі (өйткені бос уақыт көп). Сонда патша көңілді оқырман кімді оқыды? Қай жанр талғам парағынан орын алды?

Оқырманның кімді һәм қай тақырыпта кітап оқуы кірпияз талғамнан бөлек өзіндік көзқарасты да қажет етпек. Бір қауым жаңа заман прозасына қызықса, енді бірі ностальгиялық көңіл күймен қайбір жылдары оқып, естен танған, сөредегі мәңгілік классиктерді қайта оқуды жөн көреді. Десек те қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды адамнан алыс қарай алмаймыз. Коронавирус індеті етек жайғалы бері көңілде бір кірбің бар. Үрейліміз. Бейбіт жұртты тынышынан айырған уақытта көп оқырман классиканы ысырып қойып, жантүршігерлік оқиғаларға толы шығармаларды оқып жүр деседі. Бұл пікірді қорқыныш королі атанған американдық жазушы Стивен Кинг онлайн-эфирде өткен Стивен Кольберттің бағдарламасында («The Late Show») айтты.
Сұхбат барысында алғаш пандемия туралы 1978 жылы жарияланған «Текетірес» («Противостояние») романын жазу үстінде білгенін хабарлаған қаламгер карантинде адамдардың неге қорқынышты кітаптарға қызыққанын болжап көріпті. Және өз кейіпкерлерінің қайсысымен карантинге қамалғысы келмейтінін де атап өтті. Энни Уилкспен бе, әлде Джек Торренспен бе? Қызық... Стивеннің өз кейіпкерлеріне авторлық тың көзқараспен қарауына да індеттің әсері болған шығар, бәлки.
«Меніңше, осындай ауыр кезеңде халық қорқынышты дүниелерге еркінен тыс үйір келеді. Мәселен, оқырмандар менің жантүршігерлік шығармаларымды («Если оно кровоточит», яки «Игра Джеральда») немесе басқа авторлардың осы сарындас кітаптарын оқыса, ондағы шытырман оқиғалар өзінің (оқырманның) реалды өмірінен әлдеқайда азапты екенін түйсінеді», дейді ол. Сөз-ақ. Стивен ағайдың бұл ойына қосыламыз. Неге десеңіз, адам адам боп жаралғалы көз алдындағы дүниеге ғана сенеді. Соған ғана иланады. Тіпті кей жүйкесі әлсіз адамдар оқиғаны суық ақылмен пайымдай алмай, тым әсірешілдікке салынып жатады. Өйткені адам санасына әу баста бұдан да қауіпті оқиғамен салыстыру келе қоймайды. Сол үшін де, Стивенше айтсақ, өзінікінен де ауыр жағдайды көрген һәм көңілі сенген жұрт сәл сабырға келеді.
«Мұндай тым ауыр тақырыптағы шығарманы оқыған соң оқырманның карантиндегі қорқынышы сейіледі. Олар «біздікінен де ахуалы нашар жағдаяттар бар екен» деген пайымға келеді. Осыдан соң сіз кітап бетін оп-оңай жауып, алаңсыз ұйқыға кетесіз. Әрине бұл – тек менің теориям». Демек, қорқынышты кітаптар пандемия кесірінен алаңсыз ойынан һәм тәтті ұйқысынан айырылған адамдарға көмектеседі. Расында, қандай ауру болмасын, ол ең алдымен адамның өз ішінен, яғни ойынан бастау алса керек. Санаңызға абайсызда енген кез келген ой – мейлі сіз оған сенбегеніңізбен – түбі шындыққа айналуы мүмкін деседі. Егер замандасымыз карантин режімінде қатты қайғырып, уайымға салынса, Стивен теориясына жүгінгені дұрыс та болар. Өйткені қандай жағдай болмасын, адамға ең бірінші жүрек тыныштығы керек.
Стивеннің сұхбатынан соң ойлап қарасақ, көркем шығарма оқудың зиянын ешқашан ешкім көрмепті. Бүгінгі жағдаятта да мәселенің түйіні оқуға келіп тіреліп отыр. Тіпті кейде кітап пен классика адамның адам болып қалуы үшін ғана, адамның сұлу боп жүруі үшін ғана керек секілді көрінеді. Қайткенмен де, адамзат оқудан ажырамаса екен дейсің.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар