Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Көкшетауда кинология саласын дамыту көзделуде

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста полицейлердің көмекшісі саналатын  қызметтік 47 ит бар. Оның 26-сы Көкшетауда. Ал шалғайдағы Есіл ауданында осындай қызметтік 2 ит қылмыстың ізін ашуда погон таққандардың сенімді серігіне айналған.

Көкшетауда кинология  саласын дамыту көзделуде

Артем Караваев аудандық криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі, кинолог маман. Ал, мына неміс төбеті Граф.  Ол  Артемнің айнымас досы. Бүгінге дейін екеуі 5 қылмысты анықтаған.

– Қызметтік итпен жұмыс істегенімізге бір жыл болды. Осыдан екі жыл бұрын оны  Қостанайдан әкелінген күшік еді. Бір жылдай Көкшетаудағы кинологиялық орталықта, кейін Алматыда арнайы дайындық өтті,–дейді аудандық криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі Артем Караваев.

Он күн бұрын Граф Есіл қаласы тұрғынының ақшасын ұрлаған адамды ілезде тапты. Жыл басынан бері Ақмола облысында осындай қызметтік иттердің көмегімен 350 қылмыс анықталған. Оның 200-ге жуығы ұрлыққа қатысты болған.