Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Түркістан: Кеден бекеттерінде 64 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы кеден бекеттерінде ай көлемінде 64 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленген. Аталған жайт бойынша бүгінгі таңда «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Түркістан: Кеден бекеттерінде 64 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері алдымен «Сарыағаш» стансасында теміржол вагонынан жеңіл автокөліктерге арналған 954 дана шинаны анықтаған. Кедендік құжаттары болмай шыққан тауардың жалпы құны 34 млн теңгеден астам соманы құраған. Департаменті қызметкерлері, сондай-ақ 30 млн теңгенің тауарын алып өту әрекетінің жолын кесті. Қытайдан келген теміржол вагондарының бірінен 12,5 тонна декларацияланбаған халықтық тұтыну тауарлары табылған. Кәсіпкерлер кедендік шекара арқылы құжаттарын рәсімдемей, жүк автокөліктеріне арналған 40 шина, 220 дана электронды сорғы, 40 резеңке камера, тігін машиналарына арналған 36 дана электронды моторларды заңсыз алып өтпек болған. Сондай-ақ жүктің арасында 10 975 дана жарықтандырғыш құрылғы және 47 400 дана тоқыма бұйымдар болған.

Барлық деректер бойынша жиналған материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Түркістан облысының Экономикалық тергеу департаментіне өткізілген.

 

 

Түркістан облысы