Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Шалғайдағы ауылда сүт зауыты ашылды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарқайың ауданының Тасөткел ауылында жаңа сүт зауыты іске қосылды. Нысан тәулігіне 17 тоннаға дейін сүт өңдеуге қауқарлы. Мұнда сүт, айран, сүзбе, қаймақ, сары май және өзге де сүт өнімдері өндіріледі. Жоба «Темірлан» серіктестігінің бастамасымен жүзеге асырылған. 

Шалғайдағы ауылда сүт зауыты ашылды

Тасөткел ауылындағы жаңа сүт зауытының құрылысы өңір халқының көптен күткен қуанышы. Шағын ауылдағы шаруашылық нысанының болашағынан зор үміт күтеді. Кәсіпорын сүт өңдеумен айналысады. Дайын өнім қаптамасы да осы жерде өндіріледі. Сүт зауытында жергілікті тұрғындардан сүт қабылдау цехы, термоөңдеу және пастерленген өнімді құю бөлімі, тоңазыту камерасы, зертхана мен дайын өнімді сақтау қоймасы бар. Жоба «Темірлан» серіктестігінің өз қаржысына салынған. Нысанның құны 330 миллион теңге. Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Мұнда жергілікті 5 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Кәсіпорын туған ауылға әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Осылайша, нысан қаржысына ауыл мектебі, мәдениет үйі мен спортзалға да жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сүт зауыты аладғы уақытта өнім көлемін арттырып, облыс нарығына шығуға бел буып отыр. 

 

Ақмола облысы