Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының студенттері екінші жыл қатарынан осы форумға қатысты. Бұл олардың белсенділіктерін дамытуға, шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға, таңдаған мамандығының қыр-сырын түсінуге ықпал етеді. Форумға Ресейдің, Беларуссияның әртүрлі ЖОО-ларының студенттері қатысып, өз жобалары мен әзірлемелерін тәрбие практикасы, оқу нәтижелерін қалыптастыру мазмұны мен технологияларын жаңғырту мәселелеріне арналған секцияларға ұсынды.
Форумда Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Екатерина Рябова құттықтау сөз сөйледі. БОПӘ мамандығының 3-курс студенті Ткачева Алина «Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру жолдары» тақырыбындағы баяндамасында өзінің жетістіктерін ұсынып, II дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, форум аясында ЖОО командаларының визиткалар байқауы өтті. Кафедраның бейнесюжетін 2 курс студенттері Манахова Анастасия, Махамедиева Ситора, Чайкина Татьяна, Абдуахакимова Лейля ұсынды (бейнені дайындауға Нерозникова Алена техникалық қолдау көрсетті). Нәтижесінде бұл команда І дәрежелі Дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды.