Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Көкшетауда шыбын-шіркейге қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда мамыр айынан бастап шыбын-шіркей мен масаға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде.  Ол үшін суық және ыстық тұманды термогенератор, аэрозольді шашыратқыштар қолданылып жатыр.

Көкшетауда шыбын-шіркейге қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілуде

Биыл қаладағы саябақтарда масаға қарсы дезинфекцияны жүргізу тендер бойынша «Дезинфекция Көкшетау» компаниясына бұйырды. Олар тиісті  жұмыстарды 4 мамырдан бастаған. Тұрғындар масамен күресу шараларының нәтижелі екендігін растап отыр.

Дезинфекциялау  жұмыстарын жүргізетін  мекеме  қаладағы 25 нысанға жауапты. Оның ішінде орталық саябақ, теміржолшылар аллеясы, Қопа  көлінің  жағалауы бар. Ал жертөлелер мен тұрғын үй аулаларын пәтер иелері  кооперативтері қадағалайды.

– Дезинфекция шараларының келесі кезеңін маусымның бірінде бастаймыз. Егер  тұрғындардың тарапынан масаға байланысты шағым түссе, бұл шараларды қайта жасаймыз. Біз шыбын-шіркейлерді циперметринмен улаймыз. Бұл белгілі препарат. Алайда оны су айдындарына  қолданбаймыз. Барлық жұмыс адамдар жоқ кезде,  таңертең жүргізіледі. Тиісті шаралар мамыр мен қыркүйек аралығында өтеді,–дейді «Дезинфекция Көкшетау» серіктестігі директорының орынбасары Бота  Әлиева.

Мамандардың айтуынша,  олар  шыбын-шіркеймен күресу  жұмыстарын жүргізуге әманда дайын.

 

Ақмола облысы