Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Коронавирус инфекциясын тағы 7 адам жұқтырды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 73 адам тіркелді.

Шығыс Қазақстан: Коронавирус инфекциясын тағы 7 адам жұқтырды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның бесеуі -Семей қаласының тұрғындары. 1980 және 1964 жылы туған әйел адамдар ауруханаға ЖРВИ ауру белгілерімен түскен. Вирус сондай-ақ, 1959 жылғы ер адамда пневмонияға мониторинг, 1973 жылғы ер адамда скрининг барысында анықталды. Ал 1980 жылғы әйел бұрын КВИ расталған адаммен байланыста болған тұлға ретінде тексерілген.
Алматылық 2016 жылғы қыз баладан коронавирус мемлекеттік Ауыл шекара бекетінен елге оралу кезінде жүргізілген тексеру барысында анықталып, Өскемен қаласына орналастырылыпты.
Ал 1984 жылғы Өскемен қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан келген адам ретінде өз өтініші бойынша тексеруден өткен.
Науқастардың барлығында ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растаған. Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 73 адам тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысы