«Өткен 2 аптаның ішінде күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспады. Оған қарамастан кейбір өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны көбейді. Атырау облысы, Қарағанды, Алматы, Жамбыл , Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкен қаласында өсім байқалады. Осы өңірлерде коронавирустың таралуы үлкен кәсіпорындарда тіркеліп отыр. Мысалы Атырау облысында Теңіз кенішінде 1063 науқас, Шымкенттегі «ПетроҚазақстан» ұйымында 2019 науқас анықталды, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам адам вирус жұқтырған. Жамбыл облысы мен Алматыда әскери ұйымдарда вирус тараған. Себебі белгілі, карантин кезінде халық үйде отырған кезде кейбір қызметкерлер жұмыс істеді»,- деді Елжан Біртанов.
Одан бөлек министр пандемияның ешқайда кетпегенін айтып, халықты барлық карантиндік шараны орындауға шақырды.