Қазақстан • 27 Мамыр, 2020

Кеңселерде қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс - министр

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңселерде қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Кеңселерде қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс - министр

«Көп науқас жұмыс орнында ауырғандықтан қазір біз бас санитарлық дәрігердің қаулысымен осы жұмыс орындарындағы азаматтардың санын азайтуымыз қажет. Мүмкіндік болса интернет арқылы, қашықтан жұмысқа көшуіміз керек. Мысалы, офистік жұмыстарда 50% қызметкер қашықтан жұмыс істеуі керек. Азаматтар арасында қашықтық сақталып, инфекцияның таралуы тоқтайды. Кейбір жағдайда ондай шектеу енгізу қиын, мысалы, біздің көп кәсіпорындар вахталық режимде жұмыс істейді. Ондай кәсіпорындарды тоқтатуға мүмкіндігіміз жоқ. Сонымен, бұл кәсіпорындар да өте маңызды санитарлық және дезинфекциялық шараларды қабылдауы тиіс», - деді министр.

Рейд жүргізу барысында санитарлық талаптарды сақтамайтын кәсіпорындар анықталған.

«Соңғы аптада рейд жүргіздік. Өкінішке қарай, көп жағдайда кәсіпорындарда санитарлық шаралар қабылданбайды. Өте маңызды профилактикалық шара болғаннан кейін барлық кәсіпорын басшылары, кәсіп иелері дұрыс түсінуі керек. Бұл – халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды шара», - деді Елжан Біртанов.