Оның айтуынша, бала елдің болашағы, оның денсаулығы бәрінен қымбат. Сол себепті, дерттің емі табылмай тұрғанда балабақша мен мектептерді ашу ақылға сыймайды.
Аталмыш елде өткен наурыз айынан бастап мектеп және балабақша жасындағы 25 миллион бала үйде қамалып отыр.
Кейбір жергілікті әкімдіктер алдағы тамыз айынан бастап өңірлерде мектептер жұмысын бастайтынын хабарлаған. Яғни, бұл пікірге президент қарсы шықты.
Қазіргі жағдайда Филиппинде 14669 адам коронавирус жұқтырған болса, олардың 3412-і сауығып шыққан. 886 адам дерт салдарынан көз жұмыпты.