Білім • 27 Мамыр, 2020

Балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау 100% автоматтандырылды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірелесіп атқарылған жұмыс жайында айтты.

Балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау 100% автоматтандырылды

«Балабақшалар бойынша бүгінгі мектепке дейінгі білім деңгейінде балаларды кезекке қою және қабылдау 100% толық автоматтандырылды. Балабақшалармен қамту 98%-ға жетті. Бірақ әрине бұл көбіне сандық көрсеткіштер. Қазіргі уақытта ең бастысы мазмұн мәселесін өзгертуге мән берудеміз»-, деді Асхат Аймағамбетов.

Министр өте маңызды мәселелер ретінде оқу стандарттарын өзгерту, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, балалардың жас ерекшеліктерін өзгерту және методикалық жаңарту мәселелерін шешуді атады.

«Мектеп деңгейіндегі талаптарды жеңілдетіп үш қалада пилоттық режимде жан басына қаржыландыру жұмысын бастадық. Соның арқасында қазір жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Осы тек қана бір жылдың ішінде  жекеменшік мектептердің үлесі  75 пайызға артты. Алдыңғы жылы 70 жекеменшік мектеп іске қосылды»-, деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтіп жатқан отырысында.