Атышулы Илон Масктың SpaceX компаниясы бірнеше сәтті сынақтардан кейін өз тарихында тұңғыш рет ғарышқа адам аттандырмақшы болып отыр. Бұл туралы компанияның Twitter парақшасында хабарланды. Falcon 9 зымыраны арқылы ұшып шығып, Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына барып түйіспекші. Қазір дайындықтың соңғы кезеңдері болып жатыр. Ауа райының қолайлығы 60% ықтималдықты көрсетуде.
Құрамында қос астронавт бар экипаждың орбитада 110 тәулік болуы жоспарланған. Даг Хөрли және Боб Бенкен соңғы пысықтауларын іске асырып тап-тұйнақтай дайын отыр.
Экипаж кезінде 1969 жылы Айға адам аттанған 39А кешенінен ұшып шықпақшы.