Әлем • 27 Мамыр, 2020

Американың емес, Азияның ғасыры туып келе жатыр

749 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл пікірді ЕО дипломатиясының басшысы Хосеп Боррель айтты.«Көшбасшысы жоқ әлемде, Азия экономикалық қауіпсіздік пен технология тұрғысынан маңызды рөл атқаратын болады. Американдық жүйенің аяқталуы мен Азия ғасырының басталуы туралы талдаушылар бұрыннан айтып келеді. Бұл біздің көз алдымызда болып жатыр », - деді Боррел Германиядағы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен болған бейне конференцияда. 

Американың емес, Азияның ғасыры туып келе жатыр

Оның айтуынша, сарапшылар бұл туралы ұзақ уақыттан бері айтып келеді. Ал коронавирус бұл процессті тек жеделдетті.  

«Егер ХХІ ғасыр Азия ғасыры болса, ХХ  ғасыр  Американың ғасырда қалады, Пандемия осы процесстің бетбұрыс кезеңі ретінде есте қалуы мүмкін», - деп қосты ол.

ТАСС хабарлағандай, ол Вашингтон мен Бейжің арасындағы бәсекелестік көпжақты жүйеге жиі әсер етеді. Көптеген қауымдастықтарда - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, G20, ДДСҰ - келісімдерге қарағанда келіспеушіліктер мен вето көп. «Әлемнің цифрлы сипаты уақыт өткен сайын артып, мемлекеттер басқарылатын болып барады. Енді басты мәселе цифрлық желілерді кімнің басқаратыны және стандарттарды кімнің орнататыны» дейді Хосеп Боррелл.