Әлем • 27 Мамыр, 2020

Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40% азайды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында айтты.

Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40% азайды

«Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40 пайызға азайды. Есеп комитеті мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерістің аудиторлық қорытындыларын жариялай бастады. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында игерілмеген жайылымдар біртіндеп мемлекетке қайтарылуда. Бұған ғарыштан мониторинг жүргізу арқылы қол жеткіздік. Мұның бәрі Ұлттық кеңестің бастамасымен жүзеге асырылған шаралардың бір бөлігі ғана. Баршаңызға қазіргідей күрделі кезеңде өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Ұлттық кеңес бір жылға жуық уақыт аралығында аса маңызды әрі ауқымды реформаларды пысықтап, жүзеге асырды. Қоғамдық диалогтың ұлттық моделі өз тиімділігін көрсетті»,- деді Президент.