Президент • 27 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтіп жатқан 3-отырысында саяси реформаларға қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

«Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» жаңа Заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі – бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын-ала ескертіп, өткізуге болады. Осы заң қоғамдық саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын. Депутаттарға заң зобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын. Бірлесе атқарылған жұмыстың мән-маңызы зор. Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді»,- деді өз сөзінде Президент.

Одан бөлек Мемлекет басшысы басқа да заң жобаларының әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

«Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізетін құжаттарға қол қойдым. Біз парламенттік оппозиция институтын енгіздік. Саяси партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді. Сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлетін болады. Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау және Қылмыстық кодекстің 174 Бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді»,- деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр.