Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қызылорда: Сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетілуде

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету жұмыстары қалалық прокуратурамен бірлесіп, белсенді жүргізіліп жатыр.

Қызылорда: Сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетілуде

Соның бір дәлелі,  пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында,  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсына сотталған азаматтарды тегін оқытуда.

Жеке кәсібін  ашып, ісін дөңгелетіп отырған азаматтар да бар. 21-26 мамыр аралығында  «Есепте тұрған» профилактикалық шара аясында есептегі азаматтарды жұмыс орнынан, мекенжайынан тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жүргізу кезінде есепте тұратын жеке кәсібі бар, О есімді  азаматтың жұмыс орнына Қызылорда қалалық прокуратурасының прокуроры Б.Жиенқожаев пен пробация инспекторы әділет аға лейтенанты Ү.Жұмаділла барып, «Жылыжайын» одан әрі дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз несие алу жолын түсіндірді.