Білім • 27 Мамыр, 2020

Ауылдық жерлерде мұғалімдер жетіспейді - Асхат Аймағамбетов

2194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн форматта өткен 3-отырысында ауылдық мектептерде мұғалімдер жетіспейтінін айтты.

Ауылдық жерлерде мұғалімдер жетіспейді - Асхат Аймағамбетов

«Ауыл мен қала арасындағы алшақтық маңызды мәселе болып отыр. PISA-ның соңғы көрсеткіштерін қарайтын болсақ, орта есеппен бізде Қазақстан бойынша 1,5 жыл. Біз қала мен ауыл және өңірлер арасындағы алшақтық мәселесін шешуге тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз», деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, проблеманың негізгі себептерінің бірі – мұғалімдердің жетіспеушілігі.  Әсіресе ауылдық жерлерде  мұғалімдер жетіспейді.

«Ауыл мектептерінде бала аз болғандықтан сағат та аз. Ал сағат аз болған соң, білікті мұғалімдер онда бармайды. Бізде бір ставка алу үшін мұғалімдер 18 сағат жұмыс істеуі керек. Бала аз болған соң, сағат жетіспейді. Сондықтан бұл қазір өте күрделі мәселе болып отыр», деді министр.