Технология • 27 Мамыр, 2020

Жасанды интеллект қызметкерлердің тапқырлығы мен нәтижелілігін арттырады

881 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Microsoft корпорациясы жұмыс орнында жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану қызметкерлерді анағұрлым тапқыр және қабілетті ететіні туралы KRC жаңа халықаралық зерттеулерінің деректерін жариялады. 2020 жылдың наурыз айында өткізілген сауалнамаға 20 елдегі ірі компаниялардың 12 000 қызметкері қатысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,  ірі кәсіпорындар іскерлік басымдықтарды орналастыру, жалпы жағдайды талдау, сондай-ақ оңай тапсырмаларды орындауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект қолданудан айтарлықтай пайда көреді.

Жасанды интеллект қызметкерлердің тапқырлығы мен нәтижелілігін арттырады

«Бұл барлық компаниялар үшін көлеміне, секторына немесе орналасқан жеріне қарамастан теңдесі жоқ сәт. Алдағы айлар мен жылдардың пандемияға және оның салдарларына бейімделуге көптеген компаниялар үшін шешуші маңызы бар. Жасанды интеллект цифрлық болашақтың негізі болып табылады. Біз ЖИ осы қиын кезеңде компанияларға икемді және бәсекеге қабілетті болуға көмектесу үшін маңызды рөл атқаруды жалғастырады деп есептейміз. Адамның тапқырлығын арттыру үшін осы технологияны пайдалану жасанды интеллекттің басты әлеуеті болып табылады. Сондықтан, адамның дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жаңа цифрлық технологияларды енгізуге назар аударуды жалғастыру маңызды»,  деп Қазақстандағы Microsoft компаниясының бас директоры Тибор Колеяк атап өтті

Зерттеу нәтижелері бойынша, ЖИ ұзақ уақыт бойы қолданған компаниялардың көрсеткіштері жоғары. Осы компаниялардың топ-менеджерлерінің 84,4%-ы жасанды интеллект негізінде шешімдерді қолданудың бастапқы сатыларында орналасқан компаниялар атынан өкілдік ететін топ-менеджерлердің 58,9%-бен салыстырғанда кәсіпорындардың коммерциялық құнының артқаны туралы хабарлады.

Аға-менеджерлердің 84,7%-ы және ұзақ уақыт бойы ЖИ пайдаланған компаниялар атынан өкілдік ететін қызметкерлердің 62,1%-ы  өздерін «қосымша шындық қызметкерлері» ретінде сезінетінін айтты. Себебі ЖИ оңай міндеттерден бастап күрделі шешімдер қабылдауға дейін олардың күнделікті жұмысына қатысады.

Жасанды интеллектпен басқарылатын компаниялардың көпшілігі (80,6%) процестерді оңтайландырудан ұтады. Сонымен қатар, олардың қызметкерлері өз бетімен алдына қойылған міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдаланады.

Ұзақ уақыт бойы ЖИ қолданатын компаниялардың өкілдерінің 56,7%-ы ЖИ жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытуға көмектесетінін айтты. Бұл туралы жасанды интеллектті пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде респонденттердің 28,1%-ы ғана мәлімдеді.

Жасанды интеллект саласындағы сарапшы және Exponential View негізін қалаушы Азим Азардың айтуынша, «жаңа жағдайда компанияларға өз қызметін  қайта бастау үшін қызметкерлердің тапқырлығы қажет. Инновациялық және икемді ұйымдар клиенттермен, серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен жаңа қарым-қатынас құруға неғұрлым жақсы дайын. Зерттеуге сәйкес, жасанды интеллектті өз басқаруында пайдаланатын компаниялардың жағдайы жақсы, өйткені олар адамдарды жан-жақты дамытуға және өз қызметкерлерінің қабылетін жаңа технологияларды пайдалану арқылы арттыруға көп көңіл бөледі».

Басқаруына ЖИ қатысы бар барлық компаниялар (93,9%) қызметкерлерін қосымша оқытуға қаржы бөлінгенін немесе оны жақын арада жасауды жоспарлап отырғанын растайды. Бұл компаниялар өз қызметкерлерінің әртүрлі дағдыларын дамытады: деректерді талдаудан коммуникацияға дейін.

12-30 наурызда KRC зерттеу компаниясы интернет арқылы 250 қызметкері бар ірі компанияларда жұмыс істейтін шамамен 12 000 адамнан кездейсоқ іріктеуді құрады. Кем дегенде 500 қызметкер мен 100 менеджерлер әрбір нарық үшін ұсыну үшін іріктелді. Сауалнамаға Германия, Ұлыбритания, Ресей, Польша, Чехия және Словакия (бір нарық ретінде), Венгрия, Австралия, Бразилия, Израиль, Түркия, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Үндістан, Канада, Италия, Нидерланды, Испания және Швеция компаниялары қатысты.