Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Ертіс ауданындағы үйлер оңтүстіктен көшіп келушілерге беріледі

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық экономика бөлімінің мәліметінше, аудан орталығы Ертіс ауылында салынатын 24 пәтерлі, 2 қабатты 3 тұрғын үйдің алаң аумақтары дайындаулда.

Ертіс ауданындағы үйлер оңтүстіктен көшіп келушілерге беріледі

Жаңа үйлер ұзындығы 2,2 шақырым жылу жүйесіне қосылады. Орталықтандырылған  жылу жүйесіне  қосылатын әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандар да бар.

Ал, жалпы  «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 680 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Портал ПВ» ЖШС жүргізуде. Бұл үйдегі  пәтерлер аз қамтылған және үй кезегінде тұрған жас отбасыларға беріледі.

Сонымен бірге,  Қызылқақ, Бұланбай, Ұзынсу ауылдарында  да бірнше  тұрғын үйлер салынуда. Бұл үйлер еліміздің оңтүстік өңірінен «Еңбек» бағдарламасы бойынша көшіп келетін отбасыларға беріледі. Ауданда тұрғын үйлер құрылысының сапасын  бақылау үшін аудан тұрғындары арасынан арнайы бақылау тобын құрылған.

Биыл аудандағы 27 ауылға ауызсу жетіп,аудандағы 10 ауыл Беловод топтық су құбыры аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізіміне енгізіледі. Бұл су пайдаланушылар үшін тарифті субсидиялауға мүмкіндік береді.

 

Павлодар облысы

Ертіс ауданы