Руханият • 27 Мамыр, 2020

Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл

57 рет көрсетілді

28 мамыр күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалымен бірлесе отырып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әдебиеттанушы, академик,  филология ғылымдарының докторы Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының ардакүреңі» атты ғылыми академиялық сұхбат өткізіледі.

Ғылыми академиялық сұхбатта әдебиетшінің өмірі мен қызметі жөнінде естеліктер мен ғылыми мұрасын насихаттауды қарастырған тың мәселелер айтылады.

Көрнекті ғалым Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына арналған шараға ғалымдар, ақын-жазушылар мен әдебиет сыншылары, Қазақстан кітапханалары қатысады деп күтілуде.

Атап айтсақ, сұхбатта Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева, ақын, Жазушылар одағының  Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің кеңесшісі  Ермек Аманшаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҰҒА академигі, фольклортанушы ғалым Сейіт Қасқабасов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаров, жазушы-публицист Сұлтан Оразалин және тағы да басқа ғалымдар мен жазушылар баяндама жасамақ.

Онлайн-сұхбат Zoom.us. платформасында және Ұлттық академиялық кітапхананың фейсбуктегі жеке парақшасында тікелей эфирде өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 15:17

Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді

Коронавирус • Бүгін, 10:41

Қазақстанда ломбардтар жабылады

Экономика • Бүгін, 10:30

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні

Руханият • Бүгін, 09:13

Ұқсас жаңалықтар