Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Маңғыстаудағы 6 учаскеде теңізге шомылуға тиым салынды

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев хабарлады.

Маңғыстаудағы 6 учаскеде теңізге шомылуға тиым салынды

Жыл сайын жаз мезгілінің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалатын халық ағыны өсуде. Осыған байланысты, статистика бойынша, жазғы айында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануы көбірек байқалады.

Су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің назарында. Алайда, қызметкерлердің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, халықтың бәріне бірдей ұдайы қамтылмауы мүмкін. Жүргізілген талдау бойынша, судағы опат болудың негізгі себебі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына, тиым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуға, суда мас күйінде болуға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығына байланысты болды.   

Суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуы мен мертігуіне жол бермеу мақсатында су айдындарының 6 учаскеде шомылуға тыйым салынған және тиісінше рұқсат етілген – 38 учаскелері бойынша нормативтік құжаттар қабылданды. Жоспар аясында 2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, алдын алу және практикалық іс-шаралар кешені қарастырылды.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына, оның ішінде балаларға профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстары рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Өткен жылы 29 рейд өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 13 адам 176 750 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Судағы адам шығынын болдырмау мақсатта профилактикалық іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Айта кету керек, тұрғындардың шомылу маусымындағы қауіпсіздігін Ақтау, Форт-Шевченко, Құрық ауылы мен Кендірлі демалыс базасындағы жедел-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді.