Биыл 157 үйдің қасбеті түрлі түске енбек. Шаһардың көркін асырған ауқымды іске қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің сырты екі жыл бұрын Ақтау қаласының 55-жылдығына орай, 25 шақты үйдің сырты кәсіпкерлердің демеушілігімен боялып жаңарған болатын.
- 25 шағынаудан бойынша жолдың бойындағы тұрғын-үйлердің қасбеттерін (фасад) архитектуралық талаптарға сәйкес бояуды қолға алып отырмыз. Барлығы 440 213 шаршы метр сырланады. Бұл дегеніміз қаладағы 21 шағынауданның орталық көше жағындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерін қамтитын болады. Түсіне қатысты бірнеше үлгілері жасалады, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.