Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

3098 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының өкімімен Қазбекова Мира Жомартқызы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Мира Қазбекова 1984 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы баспасөз клубының маманы ретінде бастаған.

2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы-баспасөз хатшысы, облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2008-2017 жылдары қала әкімінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы, қала әкімі аппаратының бөлім басшысы, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болды. 

2017-2019 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қала әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.