Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Түркістан: Жаңа салынған жолдарда кемшіліктер анықталды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті «Сапалы жол» жобалық кеңсесі аясында Бәйдібек ауданындағы мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстарын жүргізді.

Түркістан: Жаңа салынған жолдарда кемшіліктер анықталды

Автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау, жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатындағы зерделеу жұмыстарына Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Сансызбайұлы, арнайы мониторингтік топ мүшелері,  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары, жауапты мердігер компанияның басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Зерделеудің нәтижесінде Екпінді - Шаян облыстық деңгейдегі және Шалдар ауылы аудандық маңызы бар жолдың төселімі сметалық құжатқа сай екені, ал Бәйдібек ата ауылында жол сапасы сай келмейтіндігі анықталды.

Жаңа салынған жолдардан бірқатар ақаулар  байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс білдірді.

 

Түркістан облысы