Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Түркістан облысында республикалық жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

35 рет көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы, публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай өткізілген «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы мәреге жетті.

Шығармашылық байқауға еліміздің барлық облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, шығармаларын жолдаған. Жалпы байқауға 87 жас қаламгер қатысып, топтан жарып шыққан үздіктер мен жүйріктер анықталды.

Құрамында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Әлібек Шегебай, жас ақын Мұқағали Кенжетай және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Амалбек Өміртай бар әділқазылар алқасының шешімімен көркем шығарма бағыты бойынша 1 орынды Түркістан қаласынан Әмәлият Арқалық жеңіп алды.

Осы аталымда 2 орынға Отырар ауданынан Аяулым Жақсыбек ие болса, 3 орынды Қазығұрт ауданынан Жамал Жүрсінбек қанағат тұтты. Ал, көркем өлең бағыты бойынша 1 орынды Түркістан қаласынан топ жарған Дәурен Тлеухан иемденсе, 2 орынды түркістандық Еламан Төлеутай, 3 орынды Шығыс Қазақстан облысынан Рысгүл Досжан алды.

Сондай-ақ, эссе жазу бағыты бойынша 1 орынға Шымкент қаласынан Анарбай Жамал ие болды, 2 орынға шымкенттік Ерболат Айнабеков, 3 орынға Ақтөбе облысынан Дархан Мендолин лайықты деп танылды.

Байқау жеңімпаздары облыстық «Жастар ресурстық орталығының» арнайы сыйлықтарымен және Алғыс хаттарымен онлайн марапатталды.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Тілге құрмет – елге құрмет

Саясат • Бүгін, 08:20

Ауру асқынды: дәрі жоқ, маска қымбат

Коронавирус • Бүгін, 08:03

Тордағы тотықұсқа тіл бітірген

Руханият • Бүгін, 07:38

Тархан

Руханият • Бүгін, 06:40

Ел мақтаған Елмұрат

Спорт • Бүгін, 06:25

Ұқсас жаңалықтар