Бұқара мен билік арасының алшақтап кеткенін айқындаған шетін жағдайлар дер кезінде көпшіліктің тілінде диалог орната алмаған шенеуніктерге әжептәуір сын болғаны анық. Онсыз да оңалмай тұрған істі, қоғамның олқы тұсын қозғағанда мемлекеттік қызметшілерді мінеу азайған емес. Алайда ел ісін үйлестірер мемлекетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге келгенде мүлт кетуіне болмайды.

Өткен жылы көкейкесті мәселелерін көтеріп көшеге шыққан көпбалалы аналардың мұңын тыңдарда мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде емін-еркін сөйлесе алмай мүдіріп қалғаны көпке мәлім. Бұл ашынған жұрттың жан айқайын жете түсініп, жедел шешім қабылдарда белгілі бір деңгейде бөгет болады. Көпшілік пен биліктің арасына көпір орнатуға келгенде бұдан басқа да көптеген кедергі көлбеңдеп шықты. Сондықтан Президент пәрменімен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп жатыр. Ал халық үніне құлақ асу үшін халықтың негізгі тілінің рөлі күшейе түсетіні сөзсіз.
Жалпы, мемлекеттік тіл мәселесінің түп-төркіні мемлекеттік қызмет саласына келіп тірелетіні түсінікті. Өйткені халықтың басым бөлігі онсыз да қазақ тілінде сөйлейді. Атқарушы органдар болса, іс жүргізгенде әлі күнге дейін ресми тілді қолай көргендіктен мемлекеттік тіл өз мәртебесіне лайық бола алмай отыр. Осыдан-ақ мемлекеттік тіл мәселесі өзектілігін жоғалтпай, бұқара мен биліктің арасындағы салқындық сақталып келеді.
Елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясаты бойынша 2020 жылы, яғни биыл мемлекеттік тіл мәселесі түбегейлі шешімін табуы тиіс еді. 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасы халықтың 95 пайызын қазақ тілінде сөйлетуді көксеген. Бірақ көптен күткен, көптің көңілін күпті еткен күрмеуі қиын бұл мәселенің біржола біржақты болуын әлі де көктен тілеп жүре тұратын сияқтымыз. Жоғарыда нұсқағандай мемлекеттік тілдің мүмкіндігін күшейтетін мұндай бағдарламалардың жүзеге асуына мемлекеттік қызметшілердің өздері толыққанды мүдделі болмай тұр. Әйтпесе бағдарлама түгілі, тайға таңба басқандай көрсетілген Тіл туралы заңның талаптары түгел орындалар еді ғой.
Тіл туралы заңның 23-бабы бойынша мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі жасалуы керек болған. Бұған атқарушы билік бейілді болса, мемлекеттік тілдің мәртебесі баяғыда-ақ біраз көтеріліп қалар еді. Осы мәселені Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке сауал жолдап, ұдайы көтеріп келеді.
«Мемлекеттік тілді білу парыз емес, міндет деп көрсетіле отырып, енді инструменталды нақты заңдарға көшу керек. Яғни, тілге байланысты талаптар заңдарда егжей-тегжей толық жазылып, регламенттелуі тиіс. Айталық, мемлекеттік тілді білу Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін міндетті, бірақ әр сала үшін оның деңгейлері әртүрлі болуын міндеттейтін нормативтік база жасау қажет. Мысалы, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді В1-В2 деңгейде, жекеменшік бизнес иелері, сол сияқты уақытша тұру құқығын алғысы келген мигранттар үшін А1-А2 деңгейінде білуі қажет», дейді депутат.
Мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде мемлекеттік қызметшіге тағылар мін аз емес. Тиісті орындарға арыз-шағымын айта барған ағайын ана тілінде жауап ала алмай арланып, одан сайын ашына түсетін жағдай көптеп кездеседі. Төртінші билік өкілдері де шенеуніктердің көбіне мемлекеттік тілде мардымды мағлұмат бермейтінін айтып, мәселе көтеріп жатады. Яғни, белгілі бір мәселе бойынша хабар таратқанда мемлекеттік органдар тарапынан қазақша сауатты сөйлей алатын спикерлердің табыла кетуі некен-саяқ. Мінберлерде негізінен ресми тілде баяндама жасалып, журналистер оны қазақшаға аударамыз деп кәдімгідей әуре-сарсаңға түседі. Оның үстіне баспасөз баяны да алдымен ресми тілде үлестіріліп жатады. Осылайша басқа әріптестеріне қарағанда ақпаратты кешеуілдеп жеткізіп жүрген қазақтілді БАҚ-тың көңілі де қапалы.
Айналып келгенде, мемлекеттік қызметшінің мемлекетшіл болуы керек екені айтпаса да түсінікті. Ал мемлекетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауы мүмкін емес. Тілге көзқарастың елге көзқарас екенін ескерсек, қоғамдағы қордаланған мәселелерді қожыратпай шешуде мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайық болуы өте маңызды. Халықтың тілін тапқан талай істің қыбын да табар еді.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар