Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өткізген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кей кәсіпорындарда вирус жаппай таралған
«Кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы елімізде қазір 9300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың жартысы, яғни 4600-ден астамы індеттен емделіп шықты. Өкінішке қарай, 37 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4653 науқас емделуде, олардың арасында 355 бала бар», деген министр науқастардың 85%-ның жағдайы жеңіл деңгейде екенін хабарлады. Яғни олардың көбі симптомсыз тіркелген.
Еліміздің бас дәрігері өткен 2 аптада күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспағанын, бірақ кей өңірде коронавирус жұқтырғандардың артқанын атап өтті. Әсіресе үлкен кәсіпорындарда жаппай жұқтыру жағдайы анықталған. «Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласында өсім байқалады», деді Е.Біртанов.
Науқастардың 70%-ы симптомсыз тіркелгендер
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырғандардың 15-16%-ында ғана ауру белгілері болған. Ал 70%-ы симптомсыз тіркелген. Мұның барлығы жаппай тестілеудің нәтижесі екенін айтқан Е.Біртанов: «Бұл науқастарды табу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп профилактикалық скринингтік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Президенттің тапсырмасымен қазір скринингтің көлемін тәулігіне 25 мың тестке арттырдық. Жалпы осы эпидемия басталғаннан бері елімізде 711 мың тест жасалды. Олардың 260 мыңнан астамы, яғни 40%-ы профилактикалық скрининг деп айтуға болады», деді Денсаулық сақтау министрі.
Алайда тест арқылы ауруы анықталып, еш симптомы байқалмаған кейбір азаматтар ауруханаға жатуға көнбей жатқан көрінеді. Ал мұндай науқастардың вирус тасымалдаушы екенін айтқан министр: «Симптомсыз науқастар басқаларға инфекцияны жұқтыруы мүмкін. Бұрын біз оларды ауруханаға жатқызғанбыз. Қазір мүмкіндік болса, үйлерінде немесе арнайы карантиндік стационарларға жатқызып, басқа адамдардан бөлектеуіміз қажет. Кейбір мемлекетте бұл науқастар жалпы статистикаға кірмейді. Біздіңше бұл дұрыс емес. Қазақстандағы тәртіп бойынша барлық науқасты есепке аламыз», деді.
Маска тағу өте маңызды
Халықаралық және отандық сарапшылардың пікірінше, пандемия әлі аяқталған жоқ, толқынды жағдаймен келе жатыр. Яғни карантиндік жағдайда төмен түседі, бірақ шектеу шараларын тоқтатса қайталанады. Осыны айтқан спикер Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде осындай қауіпті жағдай сақталып отырғанын атап өтті.
«Пандемияны тоқтату үшін әр мемлекет, әр азамат карантиндік-санитарлық шараларды енгізуі және сақтауы қажет. Біріншіден, жұмыс орнында және сыртқа шыққанда 2 метр қашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ эпидемияны тоқтату үшін қазіргі уақытта маска тағу өте маңызды. Одан кейін жеке гигиена. Ауру тек қана ауамен емес, қол арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан қол жуу да өте маңызды мәселе болып тұр», деді Е.Біртанов.
Қашықтан жұмыс істеген тиімді
«Көп науқас жұмыс орнында ауырғандықтан қазір біз бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жұмыс орындарындағы азаматтардың санын азайтуымыз қажет. Мүмкіндік болса, интернет арқылы қашықтан жұмысқа көшуіміз керек. Мысалы, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Азаматтар арасында қашықтық сақталса, инфекцияның таралуы тоқтайды. Кей кәсіпорын вахталық режімде жұмыс істейтіндіктен, мұндай шектеу енгізу қиын. Сондықтан бұл кәсіпорындар өте қатаң санитарлық және дезинфекциялық шараларды қабылдауы тиіс», деді Денсаулық сақтау министрі.
«Соңғы аптада рейд жүргіздік. Көптеген кәсіпорында санитарлық шаралар қабылданбаған. Бұл – халықтың денсаулығы үшін қауіпті. Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясының шешімімен санитарлық шараларды енгізу және оны сақтауға мән беріледі. Сақтық шараларын қатаң ұстансақ қана инфекцияны тоқтата аламыз», деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр елімізде дер кезінде алдын алу шаралары жүргізіліп, төтенше жағдайдың қабылдауына байланысты індетке шалдыққандар мен қайтыс болғандардың саны едәуір аз болғанын еске салды. «Соңғы екі айдың ішінде елімізде жоғары деңгейде карантин режімі сақталды. Бұл, әрине, барлығымызға оңай болған жоқ. Ол экономика мен әлеуметтік өмірге қатты әсер етті. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен сақтық шаралары арқылы еліміздегі індет жағдайы бақылауда деп айтуға болады. Себебі басқа елдермен салыстырғанда бізде науқастар саны мен қайтыс болғандар саны көп емес», деді ол.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар