Руханият • 28 Мамыр, 2020

80 жылдан кейін иесін тапқан хат

92 рет көрсетілді

Отыз жасар ағылшын солдаты Харри Коул (Harry Cole) 1940 жылы мамыр айынының 26-сы күні анасы мен інісіне майдан даласынан жолдаған хаты арада 80 жыл өткен соң шаңырағына келіп жетті.

Хат ағылшын әскерлері ауыр соққыға ұшырап немістерге төтеп бере алмай Дюнкерктен шегініп бара жатқан тұста жазылыпты. Бірақ хат діттеген жеріне жетпей апақ-сапақта далаға түсіп қалған.

«Мен үшін уайымдамаңыз. Басқа түскен қиындықты қалайда еңсеруге тырысам» деп жазған Коулды арада үш күн өткенде неміс мергені атып құлатқан. 

Ал түсіп қалған хатты тауып алған неміс офицері ұзақ жыл сақтап, 1968 жылы Ұлыбританиядағы «Саффолк» қайырымдылық кеңесіне жолдаған екен. Хат осы қордың архивінде тапжылмай жатып қалған.

Жақында қайырымдылық кеңестің архив қызметкері Хайди Хьюгс (Heidi Hughes) хатты тауып алып, онда көрсетілген мекен-жай өзінің туған ауылы екенін байқап қалады. Сонымен қатар ауылында хат иесімен фамилиясы бірдей қария тұратыны есіне түседі.

Сөйтіп, 87 жастағы Клемми Коул (Clemmie Cole) қария 80  жылдан кейін ағасының хатын тапсырып алған. «Ағамның хатын оқып қатты толқыдым...» деп жылап тұрып сұхбат берген екен ақсақал жергілікті журналистерге.

 

Соңғы жаңалықтар

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • Бүгін, 11:45

Ұқсас жаңалықтар