Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Елорда әкімдігінің инвестициялық кеңесінде қандай жобалар мақұлданды?

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен онлайн-форматта инвестициялық кеңес өтті.

Елорда әкімдігінің инвестициялық кеңесінде қандай жобалар мақұлданды?

«Елорданың өсу қарқыны мен қаладағы халық санының артуын ескере отырып, инфрақұрылымды дамыту, қажетті нысандарды салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылысқа жеке инвесторларды да тартамыз. Инвесторларға ел басшылығының тапсырмасына сәйкес қолайлы жағдай жасап, инвестклиматты жақсарту үшін жұмыс істейміз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Кеңесте жеке емханалар, фиброцементтік плиталар шығаратын зауыттар, тарату орталығы (фармпрепараттар үшін), білім беру мекемелері мен т. б. құрылыс жобалары қолдау тапты.

«Сонымен бірге жобалары қолдау тапқан 40 инвестормен онлайн-кеңес өткіздік. Қолдау көрсетілген жобалардың қазіргі ахуалын, қандай көмек қажет екенін анықтадық. Инвесторларға қажет көмекті көрсетеміз. Қала мен тұрғындар қажет ететін жобаларды қолдаймыз», - деді қала әкімі.