«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дегендей коронавирустың зардабынан құтыла алмай отырған ел тұрғындарын аптап ыстық күйзелтетін түрі бар. Әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ.
Тіпті Ражастан прованциясының Чуру қаласында ыстық мөлшері 50 градусқа жеткен. Жергілікті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақыруда.
Дүниежүзілік ауа райын бақылау және ақпар таратуға міндетті El Dorado сайтының мәліметіне қарағанда, ауа райының бұлай құбылуы өткен аптада Үндістанның солтүстігін және Бангладешті көктей өткен «Амфан» циклонының әсері көрінеді.