Тағайындау • 28 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Омаров Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Бақытжан Омаров 1987 жылы туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» және «журналистика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің редакторы ретінде бастаған. 2009 - 2018 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД аудармашылар бөлімінің редактор-аудармашысы, тілшілер бөлімінің аға тілшісі, Түркияның Анкара қаласындағы «ТРТ» телерадиокорпорациясының жаңалықтар жүргізушісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД-ның аймақтар бойынша тілшілер қосынының тілшісі болған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Хабар24» арнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар