Дивиденд төлеу туралы шешім Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, дивиденд саясатына сәйкес қабылданды және Компанияның негізгі акционерімен келісілді. Директорлар кеңесі ҚМГ-ның ағымдағы қаржы жағдайын, ақша ағыны болжамын, халықаралық кредиттік рейтингтерге ықпалды, жұмыс орындарын сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмысты, сондай-ақ мемлекет мүддесі үшін іске асырылып жатқан жоспарлы инвестицияларды қосымша назарға алды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес дивиденд төлеуден бөлек, ҚМГ акционерлерге Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында әлеуметтік нысандарды салуға арналған қаражатты қоса алғанда 20 млрд теңге жолдады.
Компания өзінің қызметінен түскен кірісті сыртқы қарыздарына қызмет көрсетуге де жұмсайтынын атап өткен жөн. Оларды өтеу сомасы 2019 жылы шамамен 997 млрд теңгені (2,6 млрд доллар) құрады.