Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Маңғыстау: 1 маусымнан бастап жолаушылар пойыздары жүре бастайды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау стансасынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Бейнеу бағытындағы пойыздардың өз жұмысын бастауы маусым айында басталады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова айтты.

Маңғыстау: 1 маусымнан бастап жолаушылар пойыздары жүре бастайды

Жолаушылар міндетті түрде қорғаныс құралдары, яғни бетпердесі мен жол жүру билеті болған жағдайда вокзал ғимаратының негізгі кіреберісінен кіргізіледі. Алдымен жолаушыларды байланыссыз термометрия арқылы тексеру жүреді. Жоғары температурасы немесе тұмау белгілері байқалған жағдайда жолаушылар пойызға жіберілмейді және вокзал ғимаратына шығарып салушылардың кіруіне тыйым салынады. Үйден  шығар алдында 20 минут бұрын дене қызуын өлшеу керек. Егер дене қызуы 37 немесе одан жоғары болған жағдайда үйде қалып, жергілікті дәрігерлерге хабарласу қажет.

-Темір жол вокзал ғимаратына және вагондарға міндетті түрде бетпердемен кіруге және ара-қашықтықты сақтауға тиіс. Осыған байланысты жолаушылардан ерте келуі сұралады. Жолаушыларды дүрбелең жасамай, бір-біріне кемінде 1 метр қашықтықта тұруын, карантин режимін сақтап, осы жағдайда түсіністікпен қарап, сабырлық танытуларын сұраймыз, деді Маңғыстау теміржол вокзалының басшысы Алма Айымқұлова.

Айта кетейік, жол жүру сапарында жолаушылар міндетті түрде өзімен бірге қорғаныш құралдарын, маска, қолғап және антисептик алып жүру қажет.

 

Маңғыстау облысы