Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Ертіс-Успен жасанды су каналы іске қосылады

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі Павлодар ауданының шаруашылықтары жыл сайын картоп пен сәбіз өсіреді. Жергілікті нарық пен өзге өңірлерді өніммен тұрақты түрде қамтып келеді. Судан әкімдігінің мәліметінше, картоп мен сәбіздің бұдан көп мол өнім беруіне қазіргі уақытта қайта қалпына келтіріліп жатқан Ертіс-Успен жасанды су арнасы  көмекке келмек.

Ертіс-Успен жасанды су каналы іске қосылады

Су арнасы арқылы суармалы алқап көлемін ұлғаяады.Кеңестік кезеңде құрылысы басталып, аяқсыз қалған 13 шақырым су арнасы қалпына келтіруге мемлекеттік қазынадан 7,8 млрд. теңге бөлінген.

Бұл бағыттағы жұмыстармен Қ.Сәтбаев атындағы каналдың мамандары айналысуда.

Арнаның өнімділігі секундына 11 текше метрді құрайды. Арна 40 миллион текше метр су жібере алады. Су арнасының құрылысы 2022 жылы аяқталып, пайдалануға берілмек, - дейді  арна мамандары. Ал, аудан әкімі Жанат Шұғаевтың айтуынша, арна іске қосылған соң суармалы алқап көлемін 15 мың гектарға дейін көбейеді.

Қазірдің өзінде 6 мың гектар жер 33 шаруа қожалығына тіркеліп, олар инвестициялық жобаларын ұсынып отыр.Шаруашылықтар алдын-ала арнаның суын пайдалануға әзірленуде.

Мыңдаған гектар жерді суармалы алқапқа айналдыру қарапайым тұрғындарға кері әсерін тигізбеуі тиіс. Өйткені, жайылым жерлер ауыл үшін аса қажет. Жергілікті көкөніс өсірушілер картоп, сәбіз, тіпті соңғы жылдары пияз өсіретін шаруалар суға субсидия берілсе дейді.

Бұған дейін сорғы стансасы арқылы су пайдаланған шаруаларға мемлекет тарапынан 60 миллион теңгеге дейін субсидия беріліп келген.

Павлодар облысы