Жиналысқа Алматы облысының Әкімі А.Ғ. Баталов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері және «Зерде» Холдингі», «Азаматтарға арналған үкімет», облыстық әкімдіктің құрылымдық басшылары қатысты.
Жиын барысында аймақтағы цифрландырудың барысы туралы облыс әкімі А.Баталов сөз алып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жобарлардың нәтижесіне тоқталып, оның ішінде цифрландырудың аясында облыстың шалғай айматағы Райымбек ауданында 4G байланысының арқасында төтенше жағдадайда кезінде білім ошақтары, өз жұмыстарын қашықтан жүргізген айтып, министрлліке аталған жұмыс үшін алғысын білдірді.
Содан соң, күн тәртібіндегі аймақты цифрландыру салалары бағыттарының мемлекеттік қызмет, денсаулық, білім, көлік және т,б 2019 жылғы нәтиежелері туралы есепті Алматы облысы әкімінің орынбасары С.М. Турдалиев баяндады.
Атап айтсақ, аймақта «Ақылды қала» эталонының қауіпсіздік бағыты аясында Талдықорған қаласында 871 интеллектуалды бейнекамералар орнатылған. 170 – мемлекеттік қызметтің, 141 – автоматтандырылған. Ағымдағы жылдың маусым айында цифрландыру аясында қоғамдық көлік саласында «Е-билет», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Е-КСК» жобаларын іске асыру жоспарланған.
Өз кезегінде «Зерде» Ұлттық инфокомуникациялық холдингі» АҚ басшысы А.Анисимов «Ақылды қала» эталонының ортақ стандарттары білім, қауіпсіздік, көлік, қаланы басқару және т.б бағыттарын жүзеге асыруға Холдингтің әзірлеген ұсыныстарына тоқталды.
Жиын соңында, А.Жұмағалиев аймақтың цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстарына оң баға беріп, аймақта электрондық мемлекеттік қызметті алу бойынша халық арасында насихат жұмысын жүргізуді, отандық цифрлық шешімдерді пайданлану туралы және басқада цифрландыру бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.