Президент • 28 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған форумға қатысады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған форумға қатысады
- БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.
 
Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
 
Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі, - деп жазды Берік Уәли.