Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында орын алған. Екі автокөліктің бетпе-бет соғысуы салдарынан «Нексия» маркалы көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta» көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.
Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Түркістан облысы