Кеңес Одағының керегесі қаусап, шаңырағы ортасына түскеніне де отыз жылға жуық уақыт болды. Алайда қазақ халқының бұл империя құрған тоталитарлық жүйеден көрген қорлығы мен тартқан тауқыметі ұлт жадынан ұмытылмақ емес. Адам айтса сенгісіз алапат аштық пен саяси қуғын-сүргіннің, тәркілеу мен күштеп ұжымдастырудың, отырықшылдандырудың кесірінен Ұлы дала ұландарының үлесі кемудің үстіне кеми берді. Деректер 1879-1939 жылдар аралығында ұлтымыздың саны 5 млн адамнан 2 млн 300 мың адамға дейін азайғанын айтады.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Бір кездері жергілікті халықтың көзін жоюға бар ынта-жігерін салған АҚШ генералы Филип Шеридан «Бизон аулаушылар тұрақты армияның отыз жылда атқармаған ісін атқарып, үндістер мәселесін шешуге қомақты үлес қосты» десе, осы елдің полковнигі Ричард Додж «Ауланған әр бизон – үндістердің өлімімен пара-пар» деп ашығын айтады. Үндістердің осынау қаралы тағдырына ұқсас тауқымет Алаш жұртын да айналып өткен жоқ. Ұжымдастыру дейтін ұлы қасірет сойса еті, сауса сүті, түбіті бастырса киіз, терісін илесе қайыс болған қазақтың төрт түлігін түгел тартып алып, қолдан аштық жасалды.
Айналдырған он жылда елдің еңсесін тіктетпеген екі бірдей аштықты бастан кештік. Осылайша 1919-1922 жылдардағы аштық 1,5 млн отандасымыздың өмірін қиса, 1931-1933 жылдары тағы 2,5 млн адамның тағдырына балта шабылды. «Шаш ал десе бас алатын» шолақ белсенділердің «Асырау сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандатқанын қайтерсіз?!
Хош. Неміс философы Вильгельм Ницше «Тұңғиыққа үңілген сайын, тұңғиық сізге үңіле бастайды» деуші еді ғой. Қазақтың қатпар-қатпар қаралы тарихына үңілген сайын, Ницше айтқан бір түпсіз тұңғиық өзімізге үңіліп тұрғандай қымтырыламыз келіп. Қынадай қырылған жазықсыз жандардың рухы разы болсын, бүгінгі ұрпақ сол азапты жылдарды ұмытпасын деп еліміздің бірнеше қаласына ескерткіш тұрғыздық. Нұр-Сұлтанда «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монумент ескерткіші, Павлодарда «Мәңгі есімізде» ескерткіші, Алматыда қола мен граниттен құйылған «Ана» монументі бой көтерді. Өкініштісі сол, сан түрлі сауда орындарының мекенжайын жатқа білетін тұрғындар ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге келгенде күмілжіп қалады. Қол жайып, дұға жасау былай тұрсын, ондай ескерткіштердің бар-жоғынан да бейхабар.
Өткен күнге өкпе көп, өкініш те аз емес. Сондықтан болашақты болжамас бұрын, кешегі тарихқа тағзым етуді үйренсек етті. «Өлі разы болмай, тірі байымайтынын» білмейміз емес, білеміз. Сонда да болсын білмегендей өмір сүреміз...
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар