Спорт • 29 Мамыр, 2020

Стадионға баруға рұқсат

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантиннен кейін Вьетнам билігі ел чемпионаты мен кубок ойындарын жалғастыруға және жанкүйерлердің стадионға кіруіне рұқсат берген алғашқы мемле­кет атанды.

Стадионға баруға рұқсат

Бүгінде жанкүйерлердің футболдан кубок және ішкі чемпионат ойын­дарына әдеттегідей емін-еркін кіріп, сүйікті командаларына қолдау білдіруіне еш кедергі жоқ. 100 млн халқы бар Вьетнамда 28 мамырдағы мәлімет бойынша, барлығы 327 адамнан коронавирус індеті анықталса, оның 267-сі дертінен айыққан. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Бүгінге дейін әлемнің бірқатар елінде де футбол бәсекелерін өткізуге рұқсат бе­рілген. Атап айтар болсақ, Еуропада Гер­ма­ния, Беларусь, Дания, Чехия, Польша чемпионаты, Азияда Оңтүстік Корея мен Түрікменстан, Оңтүстік Америкада Коста-Рика біріншілігі жалғасып жатыр, бірақ жанкүйерлердің кіруіне рұқсат жоқ. Ал Қазақстан чемпионаты да 1 шілдеден бастап жанкүйерсіз жалғасады деп болжанып отыр.