Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Ақмолада қоныс аударушылар көбейіп келеді

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы шетелге қоныс аударуға 3,5 мыңнан аса адамнан өтініш түскен. Оларға тұрақты мекенжайын ауыстыруға рұқсат берілген. Биылғы жылдың өзінде 659 адам өтініш білдіріпті.

Ақмолада қоныс аударушылар көбейіп келеді

Қазақстан аумағынан шетелге қоныс аударуға ниетті жандардың дені 30 бен 45 жас аралығындағы адамдар. Жыл басынан бері облыс бойынша 700-ге жуық ақмолалық тұрақты мекенжайын ауыстырған.

– Негізінен Ресей Федерациясына, Германия, Польша елдеріне, яғни Еуропаға көшетіндер көп. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін біз бұл қызметті тоқтатқан болатынбыз. Қазір қайтадан қалыпты режимде құжат рәсімдеп жатырмыз. Өтініш білдірушілер  қызметтің бұл түрін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да рәсімдей алады,–дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ақылбек Мадғұлов. 

Облыстық көші-қон басқармасының мамандары өзге елге көшу деректерінің көбейгенін айтып отыр. Әлі де келіп кеңес алушылар саны азаятын емес. Астары алаңдатарлық-ақ мәселе.

 

Ақмола облысы